Халықаралық көрмеден алған алғаш әсерім: ЭКСПО мен үшін нені білдіреді June 7, 2017

Халықаралық көрмеден алған алғаш әсерім: ЭКСПО мен үшін нені білдіреді

Автор: Michael Schiumo

Адамдарды не біріктіреді? Ту? Әнұран? Ортақ тіл? Бұл сұрақтың жауабы әлдеқайда абстрактылы: адамдарды біріктіретін – қиындықты жеңуге деген жігер.

Осылайша, 10 маусымның жақындауына орай, Астанадағы ЭКСПО 2017 көрмесі жоғарғы мақсатты көздеді: ол климат өзгерісінің зардаптарына қарсы әрекеттер жасау туралы халықаралық дискуссияға бас қосу болды. Бұл зардаптар біз өмір сүріп жатқан әлемді күрт өзгертті және біз бұған жауаптымыз.

АҚШ Елші-студенті бола тұра, біз болашақ лидерлер және шексіз энергия көзі болып табыламыз деген сөзді көп рет естідім. Осыған орай, алдағы үш айда біраз жетістіктерге жетуіміз қажет. Атап айтқанда, біз климат өзгерісіне және осыған себепкер болған залалды өндіріске қарсы глобалды қозғалысқа қосылу қажет. Біздің міндетіміз қарапайым. Америкалықтардың тәжірибесі, өзгеше көзқарасы арқасында біз климат өзгерісі туралы ақпаратты кеңінен таратуға және қоршаған ортаны күйретуден сақтауға пайдаланылатын жаңа технологияларды көрсетуге ат салысамыз.

Аталған міндет бір түрлі естілгенімен, ол дүние жүзі елдерінің алдында тұр. Үлкен тосқауыл рифінің эрозиясынан бастап, адам қазасына әкеп соқтыратын табиғи апаттарға дейінгі зардаптар мәселенің өзектілігін дәлелдейді. Әрекет жасайтын уақыт келді. Және біздің бұған ынтамыз да, жігеріміз де жетеді. Және бұл мәселе Астанадағы ЭКСПО 2017 көрмесінің тақырыбымен үндес келеді.

Сонымен, АҚШ түкпір-түкпірінен жиналып келген 40 студенті біз осы жердеміз; және бұл жерде үш ай уақыт боламыз; және біз павильонға келген қонақтарға планетамыздың тағдырын өз қолымызға алу үшін өндіріске енгізілген бастамалар туралы ақпарат жеткіземіз. Міне, мен үшін ЭКСПО дәл осыны білдіреді. Ал Сіз ЭКСПО-ға дайынсыз ба?

Жоғарыдағы мәтін автордың өз пікірін білдіреді және АҚШ павильоны мен оның демеушілерінің ресми ұстанымымен сәйкес келмеуі мүмкін.